Дубайда үш қазақстандық отандасынан ақша бопсалаған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қазанда үш қазақстандық Қазақстаннан келген бизнесменнен ақша бопсалағаны үшін Дубайдың бірінші инстанциядағы сотында жауапқа тартылмақ.

Олар отандасы талап еткен қаражатты төлемеген жағдайда оның «балаларын өлтіреміз» деп қорқытқан, деп хабарлады 7days.ae. 

29, 51 және 52 жастағы ер адамдар 40 жастағы қазақстандық кәсіпкерді қорқытып, ай сайын ақша төлеуін талап етті.

Қазақстандық бизнесменнің айтуынша, 2016 жылдың наурызында бұл ер адамдар оның Пальма Джумейрадағы үйіне заңсыз кіріп алған. Ол кезде кәсіпкер үйінде болмаған екен.  

Кейін, 29 наурызда бизнесмен тренажер залында жаттығып жатқанда екі ер адам келіп, олардың бастықтарымен кездесуді сұраған.

Дубай полициясын ескерткен бизнесмен олармен бірге дәмханалардың біріне барған. Күдіктілер сол жерде ұсталды. Кәсіпкердің сөзіне қарағанда, банда ақша төлеуден бас тартқан жағдайда оның балаларын ұрлаймыз, Қазақстанда тұратын анасын өлтіреміз деп қорқытқан. 

Соңғы жаңалықтар