Дубайда Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың ең беделді әйелдері бас қосты

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Бұл күндері Madinat Jumeirah (Дубай) қонақүйінде Таяу Шығыс және Солтүстік Африканың көптеген елдерінің беделді нәзік жандыларын жинаған Әйелдердің жаһандық форумы өтіп жатыр.

Форум «Жаңалық енгізейік!» ұранымен өтуде. Аталған шара Әмірліктер үкіметінің БАӘ-дегі әйелдердің, сондай-ақ бүкіл араб әлеміндегі әйелдердің дәрежесін көтеру ниетін көрсетіп отыр.

Шараға Чили президенті Мишель Бачелет, Маврикий Республикасының президенті Әмина Гариб Факим, Халықаралық валюта қорының үйлестіруші-директоры Кристин Лагард, Иордания Королінің зайыбы Рания Әл Абдалла және тағы бірқатар саяси көшбасшы әйелдер келді. Сондай-ақ форумға 2 мыңнан астам халықаралық және аймақтық өкілдер, 200 спикер, соның ішінде БАӘ-нің ең беделді әйелдері қатысып отыр.

Дубай форумды өткізу қаласы ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ. 2014 жылдың Әлеуметтік даму индексінің (Social Progress Index 2014) мәліметтерінше, БАӘ әйелдерге құрметпен қарау рейтингінде (Women Treated with Respect) 132 елдің арасында 1-ші орын алды. Сондай-ақ Әмірліктер 2013 жылдың гендерлік даму туралы баяндамасының (Global Gender Gap Report 2013) мәліметтеріне сәйкес, араб аймағында бірінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар