Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Дубайда суда қалқып жүретін супермаркет ашылды

2018 жылғы 6 желтоқсан 12:56 87
Бөлісіңіз:
Дубайда суда қалқып жүретін супермаркет ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайдағы Парсы шығанағының жағалауында  «Carrefour» халықаралық желісінің суда қалқып жүретін әлемдегі алғашқы супермаркеті жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Arabian Business.

Шағын сауда нүктесі бірінші кезекте қайықтар мен су мотоциклдерінде жүзіп жүрген адамдарға арналған. Ол үш жағажайдың қол жетерлік аймағында орналасқан.

Мұнда сатып алушыларға шамамен 300 тауардың атауы ұсынылып отыр. Онда түрлі сусындар, жеңіл тамақ, балмұздақ, жеке гигиена заттарын және кейбір медициналық препараттарды сатып алуға болады.

Арнайы терезеге жүзіп келген клиент, қажетті азық-түліктер тізіміне тапсырыс беріп, одан кейін қажетті тауарын алып кете алады. Егер қайық дүкенге жақындай алмаса, оның жолаушылары тиісті заттарға телефон арқылы тапсырыс берген соң, тауар 45 минуттың ішінде бортқа жеткізіледі. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
MURAǴAT