Дубайда ресейлік туристердің келуінің азаюы салдарынан қысқы тондарға сұраныс кеміген

None
None
ӘБУ-ДАБИ. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірліктерінің валюта бірлігі - дирхаммен тығыз байланысты рубльдің долларға қатысты бағамының өзгеруі Дубай экономикасының туристердің саны мен сатып алушылық қабілетіне тәуелді сегменттерінің құлдырауына әкеп соқты.

Америкалық Chicago Tribune басылымы Ресейдегі экономикалық қиындықтардың БАӘ-нің экономикасына әсер етуіне талдау жасаған мақаланы жариялап, онда Ресей БАӘ-нің нарығын туристер санының басым бөлігімен қамтамасыз етіп отырғанын атап өтеді.

Қысқы тондарды сататын ондаған дүкендер бәрінен де көп шығынға батты, олар өз тауарларына сұраныстың өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға төмендегенін айтуда. Сонымен қатар жалпы сауда көлемі, туристік сектор, тұрғын үйлер мен қонақүйлер зардап шегуде. Ағымдағы жылы ресейліктердің Дубай дүкендерінен тауарларды сатып алуы 10 пайызға төмендеген, ал өткен жылы мұнда банк карточкаларымен ғана 3,3 млрд. дирхам (904 миллион доллар) көлемінде қаражат жұмсаған олар көш бастаған еді. Дубай дүкендерінің сауда айналымының 35 пайызы туристердің үлесінде, демек ресейліктердің келуі саны мен сатып алушылық қабілетінің азаюы сауда секторына міндетті түрде әсер етеді. Сондай-ақ ресейлік «Урал әуе желілері» әуе компаниясы сұраныстың төмендеуіне байланысты 2015 жылдың 18 қаңтарынан бастап Біріккен Араб Әмірліктеріне Пермь, Челябі және Нижний Новгород қалаларынан ұшатын рейстерді тоқтатпақ. «Дубайға Минералды сулардан ұшатын рейстер 16 желтоқсаннан бастап тоқтатылған. Мұндай рейстердің жолаушыларына ертерек ұшып шығу күндері ұсынылып, немесе әуе билеттерін қайтарып беру рәсімделуде», - деп атап өтті баспасөз қызметінен. Баспасөз қызметіндегілер Дубайға ұшуға сұраныстың төмендеуін тек әуе компаниясының мамандары ғана емес, аталған бағытта жұмыс жасайтын туроператорлардың да аңғарып отырғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар