Дубай полициясының көліктері Гиннестің рекордтар кітабына енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайдың құқық қорғау органы қызметкерлері мініп жүрген Bugatti Veyron көліктері ресми түрде әлем бойынша ең жылдам жүретін көліктердің тізіміне енді. Тәртіп сақшылары Гиннестің рекордтар кітабы өкілдерінен арнайы сертификат алды, деп жазады Life.ru.

Франциялық автомобиль компаниясының гиперкары сағатына 407 км жылдамдықпен жүйткиді. Бұл өз кезегінде Дубай полициясының италиялық әріптестерінің алдын орап кетуге мүмкіндік берді. Италия полициясының автопаркінде Lamborghini Gallardo көліктері бар. Олар сағатына 370 км жылдамдықты алуға қауқарлы.

CNN өкілдерінің хабарлауынша, дубайлық тәртіп сақшылары бұл автомобильдерді қылмыскерлерді ұстау үшін пайдаланбайды. Bugatti Veyron туристердің назарын аудару үшін солар демалатын аймақтарды шолып жүреді.

«Біз тек өзіміздің көліктерімізді көрсетіп қана қоймай, туристерге еліміздің полиция қызметкерлерінің қаншалықты қонақжай екендігін танытқымыз келеді»,-деді БАӘ-нің ең ірі қаласының құқық қорғау органының өкілі Сұлтан әл Марри.

Оның сөзінше, тәртіп сақшыларының жанынан өтіп бара жатқандар қымбат көлікке мініп көру үшін «бізді тұтқынға алыңыздаршы» деген өтініштерін білдіріп, қалжыңдап та жататын көрінеді.

Соңғы жаңалықтар