Дубай билігі Рамазан айында ашық-шашық киінуге тыйым салуда

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Дубай билігі Әмірліктің мұсылмандық келбетін сақтау мақсатында киім кию үрдісінде қарапайымдылық қағидаларын сақтанып, ашық-шашық киінбеу бастамасын көтеруде. Осыған байланысты қонақ үйлерде Дубайға келген меймандарға әмірліктің салт-дәстүрі мен мәдениетіне сай жабық киіну шарттары жазылған нұсқаулықтар мен парақшалар таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы «Emirates 24/7» агенттігіне сілтеме жасап muftyat.kz сайты хабарлайды.

«Арнайы нұсқаулықтар келген қонақтарға әуежайларда, сауда үйлерінде, қоғамдық жерлерде таратылып жатыр. Бұл іс-шара жергілікті тұрғындар мен шетел қонақтары арасында қолданыс табуда. Қоғамдық жерлерде, әсіресе, Дубай-Моллдың ішінде қонақтар ашық киінбес үшін, бұндай нұсқаулар қажет. Келешекте бұндай әрекет өз жалғасын табады деп сенеді жергілікті халық», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар