Дубай әуежайында 80 қазақстандық елге ұшатын рейстен түсірілді

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Еліміздің Сыртқы істер министрлігі Біріккен Араб Әмірліктерінен ұшып келе алмай қалған шымкенттіктерге қатысты түсініктеме берді. Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров шетелге барған 80 азаматтың мәселесі ерекше бақылауға алынғанын айтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің Дубайдағы дипломаттар бұл мәселені ерекше бақылауға алған. Әзірге ондағы азаматтардан арыз-шағымдар жоқ. Fly Dubai әуекомпаниясының мәліметінше, сұраныс білдірген барлық жолаушылар қонақүйлерге орналастырылған. Тамақпен қамтылған. Әуекомпания тығырықтан шығу үшін жолаушыларды Алматы, Бішкек және Ташкент арқылы жеткізуді жоспарлап отыр. Олардың барлығы ертең немесе арғы күні елге жетеді деп күтілуде»,-деді Айбек Смадияров.

Айта кетейік, Дубай қаласына барған 80 шымкенттік елге жете алмай отыр. Жолаушылардың сөзінше, олар ұшаққа отырғанда белгісіз бір себептермен рейстен түсіріп тастаған. Сонан соң, 6-7 сағаттай әуежайда күтуге мәжбүр болған.

Соңғы жаңалықтар