Дуалдық жүйе колледж студенттерінің жұмысқа орналасу көрсеткішін едәуір арттырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 3 жылда техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші 10 пайызға артты.

ҚР БҒМ кәсіби-техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру департаментінің мәліметінше, егер 2011 жылы ол 60 пайыз, ал 2013 жылы 70,5 пайызды құрады. Жұмысқа орналасқан түлектер саны 2011 жылы 50025 болса, ал 2013 жылы ол 1 пайызға артық 54561 адамға жеткен.

Жалпы, министрлік ақпаратына сәйкес, болашақта мектептерде 10-11 сыныптарда элективтік курстар енгізу, оқуын жалғастырмаған мектеп түлектерін міндетті әскери қызметке жіберу, ұлттық біліктілік жүйесін жетілдіру, колледждер мен жоғары сыныптарда кредиттік технология енгізіп, жастардың үздіксіз білім алуына жағдай жасау жоспарланған.

Атап айтқанда, соңғы үш жылда еліміздегі кәсіптік-техникалық білім беруге бағытталған бюджет қаражаты екі есеге артып отыр.

Ведомство деректеріне сүйенсек, қазіргі таңда еліміздің 850 колледжінде 560 мыңнан астам студент білім алуда. Жыл сайын 180 мың түлек еңбек нарығына шығады.

Соңғы жылдары Қазақстанда кадр даярлау мәселесін шешу үшін білім саласына бөлінген қаражат мөлшері едәуір артқан. Мәселен, бұл көрсеткіш 2014 жылы 1 трлн. 497 млрд теңгені құрады.

Соңғы үш жылда кәсіптік-техникалық білім саласына бағытталған бюджет қаражаты екі есеге артты. Колледждердегі шеберханаларды жабдықтауға арналған қаражат 6 есеге ұлғайтылды. 2014 жылы 200-ден астам шеберхана мен зертханаларды жабдықтауға 5,5 млрд. теңге қарастырылып отыр.

Дуалдық жүйе арқылы колледждерге көбірек көңіл бөлінетін болады. Осы орайда Қазақстанда дуалды оқыту жүйесін енгізу сұранысқа ие мамандықтардың беделін арттырады. Мәселен, дуалды оқыту жүйесінде студенттер колледждерде тек 20-30 пайыз уақытын өткізеді, қалған 70 пайызын өндірістің басында өткізіп, тәжірибе үстінде білім алады. Ең негізгі қаржылық шығындарды өнеркәсіптің өзі мойнына алады. 2,5-3 жылдық оқу аяқталғаннан соң, түлектер жұмыс іздеу машақатын көрмейтін болады. Бұл тұрғыда жұмысқа орналасу үлесі шамамен 90 пайыздың үстінде болады. Сонымен қатар қайта дайындықтан өткізуге қаражат жұмсауды қажет етпейді.

Соңғы жаңалықтар