ДСҰ-ның министрлік конференциясы Қазақстанда өтетіндігіне үміт артамыз - ЕО Елшісі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылы Қазақстанда Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясы өтетіндігіне үміт артамыз. Бұл туралы Орталық Азиядағы Ready4Trade бағдарламасы жөніндегі конференция барысында Қазақстандағы Еуропалық одақ Елшісі Свен-Олов Карлсон айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ready4Trade бағдарламасының Орталық Азияда басталуын сәтті және уақытылы іске қосылды деп санаймын. Өйткені бұл бізге аймақтық интеграцияны, тұрақтылық пен өркендеуді арттыратын тұрақты сауда саясатын жүргізуге мүмкіндік береді. COVID-19-дан кейін бүкіл әлемнің дайындығын қамтамасыз етіп жатқан уақытта бұл одан әрі өзекті бола түсетін Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясының негізгі тірегі болып саналады», - деді ол конференция барысында.

Сонымен қатар ЕО Елшісі цифрландыру экономикалық өсімді жеделдету, инклюзивті сауда-саттықты қамтамасыз ету және жұмыс орындарын құруға жәрдемдесу үшін барынша маңызға ие болып келе жатқанын атап өтті.

«Осыған орай Дүниежүзілік сауда ұйымының жаңа талаптарына сай келетін электронды сауда-саттық туралы жалпы қамтымды заңнама әзірлеуде Қазақстанға қолдау көрсету барысында біздің жоба зор үлес қосатын болады. Қазақстанның ДСҰ-да маңызды рөлге ие болуға ұмтылысын жоғары бағалаймыз. Сонымен қатар ДСҰ-ның 12-ші министрлер кездесуін өткізуін тағатсыздана күтеміз. Біз Қазақстан оны 2021 жылы қабылдай алады деп санаймыз», - деді Свен-Олов Карлсон.


Соңғы жаңалықтар