ДСҰ-ға мүшелік бізге не береді?

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне байланысты 20 жылға таяу уақытқа созылған келіссөздер аяқталып, Қазақстан аталған әлемдік ұйымның толыққұқылы мүшесі болып қабылданды.

ДСҰ-мен жүргізілген келіссөздер біздің еліміз үшін табысты аяқталды деп бағалайды сарапшылар. Республика үшін барынша тиімді, әсіресе ауыл шаруашылығын қолдауға қатысты қолайлы жағдайларға қол жеткізілді. Сонымен қатар, еліміз Еуропалық одақ және Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тиісті келісімдер негізінде кең көлемді серіктестікті дамытып отыр. Бұл, әрине, Қазақстанның әлемдік еңбек бөлінісіне қатыса отырып, жаһандық нарықтан өз орнын алуына үлкен мүмкіндік береді. Және ел экономикасына құйылар инвестиция көлемінің өсуіне ықпал етеді.
Әлемдік нарыққа осыған дейін шығарған тауары негізінен шикізаттық өнімдер болып келген еліміз кәсіпкерлерінің алдында бүгін жаңа уақыт сынына жауап беру міндеті тұр. Біздің бизнесмендеріміз енді Еуразиялық экономикалық одақ елдері тауарларымен ғана емес, дүниежүзіндегі жетекші компаниялар мен озық өндірушілердің өнімдерімен қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істейтін болады. Бұл бәсекеде құны қолжетімді, сапасы жоғары тауардың бәсі озары анық. Яғни, бүгінгі күні өнімді өтімді, өндірісті тиімді етудің тетігі - отандық тауар өндірушілердің өз қолында.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі аясында отандық ауыл шаруашылық тауар өндіру¬ші¬лерін толғандырған негізгі мәселе - мемлекеттің агро¬өнеркәсіптік кешенді қаржыландыру мүмкіндіктері бол-ғандығы белгілі. Дүниежүзілік нарыққа кіруімен Қазақстан өзіне тауарлардың кейбір түрлеріне ке¬дендік әкелім баждарын төмендету жөнінде міндет¬теме қабылдады. Бұл тауарларға күріш, қой еті, жылқы еті, мелисса, зәйтүн майы, шололад, тағы басқа өнімдер жатады. ДСҰ-ға кіру бойынша келіссөздерде еліміз ауыл шаруашылығы өнiмдерінің жалпы құнының 8,5 пайыз көлемiнде ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдау көрсету құқығын өзінде қалдырды. Бұл ретте Экономикалық интеграция істері министрi Жанар Айтжанова: «Сары қоржынға қатысты сауалдар келiссөздерде өте қиын жүрдi. Ол келiссөздердiң мерзiмiн де ұзартып жiбердi. Себебi, бiзге ұйымға ену емес, ДСҰ-ға қандай талаптармен кiретiнiмiз маңызды болды. Ең басты жеңiсiмiз - жалпы ауыл шаруашылығы өнiмiнiң 8,5 пайыз көлемiнде субсидиялауды жүргiзу құқығы. Айта кету қажет, ДСҰ-ға мүше мемлекеттер үшін бұл мөлшерлеме әдетте 5%-ды құрайды. Ұйым құрылғалы берi мұндай нәтижеге тек, Қытай мен Қазақстан қол жеткiзiп отыр», - деп мәлімдеген болатын.
Әйтсе де, республика бір тауардан тапшылық көрмегенімен, екіншісі көршілес достастық елдерінен жеткізілетінін де ұмытпау қажет. Ал бұл елдермен бізде бажсыз режим орнаған.
Аталған халықаралық ұйымның қызметі аясында оң мүмкіндіктерге қол жеткізе отырып, жаңа тәуекелдерден де тыс қалмайтынымыз айқын. Мәселен, ұйымға мүше болу қосымша инвестицияларды тартуға, дауларды халықаралық соттарда шешуге, халықаралық сауда ережелерін қалыптастыруға ықпал етуге жол ашады. Дегенмен, бұл артықшылықтарға ие болумен қоса, импорттаушылар мүмкіндігінің кеңеюін ескере отырып, ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек. Сондықтан да отандық ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ДСҰ-ға мүшеліктің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін аянбай еңбек етулеріне тура келеді.

Соңғы жаңалықтар