ДСМ өкілі Қытайдан жеткізілген қазақстандықтардың денсаулығы жайында айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Бейжіңнен жеткізілген 171 қазақстандық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін таңертең сағат 07-00-де Бейжіңнен Алматы қаласына «Эйр Астана« әуе компаниясының 211 жолаушысы бар арнайы ұшағы қонды. Ұшақта Қазақстанның 171, Қырғызстанның 40 азаматы болған. Дене қызуы мен коронавирус симптомдары бар азаматтар анықталған жоқ. Бортқа отырғызу кезінде маскаларды ауыстыру процедуралары ұйымдастырылды», - деді ол.

Диас Ахметшәріптің атап өтуінше, қазақстандықтар инфекциялық бақылаудың барлық талаптарын сақтай отырып, Алматыдағы көпсалалы клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ол жерде барлық азаматтар медициналық тексеруден өтіп, коронавирус пен ЖРВИ-ға қарсы зертханалық анализ тапсырады.

«Стационарда 3 күн болады. Егер қосымша медициналық көрсетілім болса ауруханада жату уақыты ұзарады. Ал Қырғызстан азаматтарының барлығы Бішкекке жеткізілді», - деді ресми өкіл.


Соңғы жаңалықтар