ДСМ көктайғақ кезінде сақ болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы көктайғақта және жолда қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырды. Бұл туралы ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандар жер тайғақ болғанда ең алдымен қолайлы аяқ киім киюге кеңес береді. Аяқ киімнің өкшесі (3-4 сантиметрден биік емес) орнықты, тұмсық жағы кең, бұдырлы, табаны қалың, ыңғайлы, табаны неғұрлым үлкенірек болуы тиіс.

«Асықпай, баяу жүру үшін үйден ертерек шығу ережесін ұстаныңыз. Қолды қалтаға салмаңыз және қол сөмкені қолыңызға іліп алмаңыз - тепе-теңдікті тез қалпына келтіру үшін қозғалуға ыңғайлы болуға қолдардың еркін қозғалысы қажет. Иыққа асатын, тұтқасы ұзын сөмкеден бас тартыңыз, оң жақ және сол жақ қолға ауырлық бірдей болатындай, сөмкені екі қолмен ұстаңыз», - деп кеңес береді мамандар.

Көк тайғақ кезінде қарт адамдарға сүйір кертігі бар таяқсыз немесе резеңке ұшы бар троссыз үйден шығуға болмайды. Егер сіз ұзын пальто немесе тон киген болсаңыз, көліктен түсетін кезде немесе баспалдақпен түсіп келе жатқанда міндетті түрде киімнің етегін жартылай көтеріп алыңыз.

«Кетіп бара жатқан автобустың артынан қуа жөнелмеңіз, аяғыңыз тайып, құлап кетуіңіз мүмкін. Егер құламауға болмайтын жағдайды сезінсеңіз, артық заттардың барлығын лақтырып тастауға тырысыңыз. Сөмкенің ішінде сынатын нәрсе болса, жағдай нашарлауы мүмкін. Егер арқаңызбен емес, бір бүйірлеп жерге құласаңыз жеңіл жарақатпен құтылуға болады. Егер сонда да жарақат алып, құлап қалсаңыз, травматологиялық пунктке қаралыңыз», - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі көктайғақ жағдайында жол-көлік апаттарының алдын алу жөнінде де кеңес береді.

«Егер сіз көктайғақ кезінде далаға шықсаңыз, бұл жағдайда қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін негізгі қағидаларды ұмытпаңыз: қозғалыс басталмас бұрын, бұрылғанда, айналғанда, қатарды қайтадан түзегенде немесе тоқтағанда тиісті сигналдарды беруді ұмытпаңыз. Ең маңызды сақтық шарасы - кедергісіз тоқтауға және тежеуге мүмкіндік беретін қауіпсіз қашықтықты сақтау болып табылады. Артта келе жатқан көліктің жүргізушісін алдағы тежеу туралы ескерту үшін, жыпылықтайтын тоқтау сигналымен назар аудара отырып, тежегіш басқышын бірнеше рет түртуге болады. Жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн», - деп кеңес береді мамандар.

Соңғы жаңалықтар