ДСМ Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің тағайындалуына қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Алматы қаласының Бас санитар дәрігерін тағайындауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Денсаулық сақтау министрі мен оның вице-министрлері арасында міндеттерді бөлуге сәйкес («Қазақстан Республикасының Министрі, бірінші вице-министрі және денсаулық сақтау вице-министрлері арасында міндеттерді бөлу туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 818 бұйрығы), халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мәселелерін шешу ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов тың құзыретіне жатады», - делінген түсіндірмеде.

Яғни, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 22 сәуірдегі №228 бұйрығының 2-тармағына сәйкес, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың (көліктегі) бас санитар дәрігерлері мен олардың орынбасарларын ҚР Бас санитар дәрігері айқындайды.

«Көрсетілген тармақтың талаптарын сақтай отырып, Қ.Әбдіжаббарова ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.А. Қиясовтың 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды.

Ал Сәдуақас Неғметулұлы Байғабұлов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 236 қаулысы қосымшасына сәйкес, Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары болып табылады және Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер уақытша болмаған кезеңде оның міндеттерін атқарады», - деп жазылған ДСМ мәліметінде.

Министрлік осының бәрін тізе келіп, Алматы қаласының Бас санитар дәрігері Қ.Әбдіжаббарованы тағайындауда ешқандай жаңылысу және сабақтастықтың болмауы жоқтығын мәлімдеді.


Соңғы жаңалықтар