Дронның кесірінен Жапония әуежайы жұмысын тоқтатты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Жапонияның батысындағы Кансай әуежайының ұшу-қону жолағы аспанда пилотсыз ұшу аппаратының (ПҰА) пайда болуына байланысты жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл – бір апта ішінде қайталанып отырған осындай екінші оқиға. Біріншісі 7 қарашада орын алған, ол күні Халықаралық әуежайдың әкімшілігі дронның кесірінен ұшу-қону жолағын жабуға мәжбүр болды. Соның салдарынан 30-ға жуық рейс кейінге шегерілген.
Әуежайдың қауіпсіздік қызметі полициямен бірге ПҰА қозғалысының траекториясын және оның иесін анықтау үшін бақылау камераларының жазбаларын талдайды. Сондай-ақ, жұма күні билік өкілдерді токиялық Ханэда мен Нариттен кейінгі Жапониядағы тасымал көлемі бойынша үшінші-Қансай әуежайы аймағында қауіпсіздік шаралары күшейтілетіндігін мәлімдеді. Жыл сайын Кансайды 28 млн-ға жуық жолаушы пайдаланады.
- БҚО-да жол апатынан жүргізуші қаза тапты
- Ақмола облысында боранда жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды
- Жаңаөзенде 14 жасар жасөспірім тоғыз жылға сотталды
- Петропавлда Ұлттық ұлан курсанттарының жаппай улану себебі анықталуда
-
Алматыда «Олимп» букмекерлік кеңсесінің жұмысы тоқтатылды - ҰҚК
-
Францияда ереуілшілерге қарсы көз жасаурататын газ қолданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам