Dot компаниясы көздері нашар көретін адамдарға арналған сағат жасап шығарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстіккореялық Dot компаниясы көздері нашар көретін адамдарға арналған сағатты жасап шығарды, деп хабарлайды БЕЛТА.

Dot деп аталып кеткен ақылды сағаттың беті Брайль шрифтінің символдарын қалыптастыруға арналған төрт сегменті бар панель ретінде орындалған. Әрбір сегментте алты белсенді нүкте бар. Кіріп-шығып жататын олар Брайль әріптерін орнай алады.

Сағат смартфондармен Bluetooth арқылы байланысады. Құрал электрондық кітапқа қолжетімді, сондай-ақ оның дауыс командалары арқылы хабарландыру, белгілер, навигация және хабарлама алмасу қызметтері бар. Ол бір қуат көзі арқылы бес сағат жұмыс істей алады.

Dot сағатының бағасы 300 доллардан басталады. Сағаттың 2015 жылдың желтоқсан айында сатылымға шығарылуы күтіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар