Досынан шығып, үйіне жетпеген: СҚО-да 33 жастағы жігіт іздестірілуде

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында үш күннен бері 33 жастағы Александр Капелюк іздестіріліп жатыр. Ол екі елді мекеннің арасында адасып кетуі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Александр Капелюк 1989 жылы туған, СҚО Есіл ауданы Александровка елді мекенінің тұрғыны. 6 наурыз күні сағат 3.30 шамасында Есіл ауданы Покровка ауылындағы досының үйінен шығып кеткен. Бірақ өз үйіне жетпеген.

Бойы 162-164 см шамасында, қой көзді, қою сары шашты, сол құлағында үлкен меңі бар.

Сол күні үстінде қара күртеше, қаракөк түсті джинсы шалбар және қара бәтеңке болған.

Жоғалған адам туралы қандай да бір хабар болған жағдайда 8 715 43 2 13 59; 102; 8 776 175 10 04 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

Бұған дейін хабарсыз кеткен 48 жастағы ер адамға іздеу жарияланғанын айтқан едік. Ол кейіннен аман-есен табылды.


Соңғы жаңалықтар