+7 (701) 759 90 19
USD 425.73 EUR 498.32
RUB 5.8 CNY 65.85
Jańalyqtar

Досымжан Таңатаров: Құрғақ сөзден арылып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз

2021 жылғы 10 қаңтар 15:03
Бөлісіңіз:
Досымжан Таңатаров: Құрғақ сөзден арылып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрғақ сөзден арылып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз.Мұндай пікірдіәнші, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Досымжан Таңатаров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысының Шұбар ауылдық округіндегі әкім сайлауында 88 жастағы қария дауыс берді

«Бұл мен қатысып отырған алғашқы сайлау емес. Десек те, ерекшелігі көп. Бұрынғы сайлаулардан өзгешелігі – оны індет жайлаған кезеңде сақтық шараларына мойынсына отырып өткізу.

Бүгін азаматтық міндетімізді орындап, үміткерлерге дауыс бердік. Соңғы бір жылда елде тараған індетке байланысты қазір көп жерге бармаймыз. Дегенмен қиын жағдай туындағанда жеке бастың емес, елдің мүддесін ойлап, №9 сайлау учаскесіне барып, келешек үшін таңдауымды жасадым. Аталған учаскеде карантин талаптары қатаң сақталған. Ережеге сай қызмет көрсетілуде.

Көзі ашық, көкірегі ояу кез-келген азаматтың парызы болғаннан соң, құрғақ сөзден арылып, азаматтық парызымызды орындауға тиіспіз», - деді Досымжан Таңатаров.

Сондай-ақ, өнер иесі Қазақстан халқын таңдау жасайтын сәтте тосылмай, белсенділік танытып, дауыс беруге шақырды.


Фото: mnews.kz
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әлихан Асқар

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT