Достық пен келісім Жолдаудағы міндеттерді орындауға негіз қалайды – К.Көкірекбаев

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл өңірі сенімді түрде қарқынды дамып келеді, деп мәлімдеді жұртшылықпен кездесуі кезінде Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.

Энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және басқа да салаларда маңызды жобалар іске асырылуда. Көптеген экономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Мемлекеттік бағдарламалар жоспарлы түрде іске асырылуда, қалалар мен ауылдар орнығу үстінде. Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша, ішкі жалпы өнімнің өсімі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсіп, 422 млрд. теңгені құрады, деп түсіндірді ол.

«Тәуелсіздік жылдары Қазақстанды өзгертті. Жаңа Конституциямыз, жаңа валютамыз, жаңа экономикамыз пайда болды. Демократиялық мемлекетті құру жолында айтулы табыстарға қол жеткізе алдық, бұл ретте елдің гүлденуі үшін аянбай жұмыс істеген жамбылдықтардың еңбегі зор. Бұған Жамбыл облысында тұратын барлық 87 ұлыстың жоғары рухани ұйымдары да септігін тигізді. Бейбітшілік, достық және келісім атмосферасында келешекте Мемлекет басшысының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы міндеттерді де орындайтын боламыз», - деп қорытындылады К.Көкірекбаев.

Биыл Тәуелсіздік күнінің құрметіне 42 жамбылдық азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Жамбыл кардиохирургия және трансплантология орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев пен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бірінші орынбасары Масат Берік Астанада Мемлекет басшысының қолынан ІІ дәрежелі «Барыс» пен «Құрмет» ордендерін алды. Табысты агрокешенді құра білген кәсіпкер Халит Базарәлиев «Парасат» орденімен марапатталды. Тоғыз жамбылдық азамат «Құрмет» орденіне ие болды. Марапатталғандардың арасында ұжымымен бірге натрий цианидінің өндірісі бойынша зауыт құрылысының ірі жобасын іске асырған «Таlas Investment Company» бас директоры Бахтияр Алдашов та бар.

Соңғы жаңалықтар