«Достық» кеденінің бірнеше қызметкерінің үстінен парақорлыққа қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан жүйелі негізде пара алды деген күдікпен «Достық» кеденінің «Алакөл» кеден бекетінің қызметкерлері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өздеріңізге белгілі, күні кеше «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы кеден бастықтарының жұмысы бойынша тәртіп бұзушылықты тілге тиек еткен болатын. Кеше Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Алматы облысы бойынша департаментімен арнайы жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің «Достық» кеденінің «Алакөл» кеден бекеті басшысының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің ішкі қауіпсіздік бөлімінің аса маңызды істері жөніндегі тергеушісі (біліктілігі 4-санат) және аталған кеден бекетінің үш бас маманына қатысты парақорлық фактісі анықталды», - дейді деді Агенттікте өткен баспасөз мәслихатында Арман Бердалин.

Оның айтуынша, ұсталғандар жалпы қамқорлығы және транзиттік декларацияны рәсімдеуді жеделдету үшін сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларынан жүйелі негізде пара алды деген күдікке ілінген. Тергеу жалғасуда.

Еске сала кетсек, кеше «Нұр Отан» партиясының съезінде Мемлекет басшысы кедендік әкімшілікті қатаң бақылауға алуды тапсырған болатын.

Соңғы жаңалықтар