«Достастық кубогына» қатысатын жастар құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді

None
None
АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 9-23 қаңтар күндері Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Одан кейін олар 24-қаңтар мен 2-ақпан аралығында Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтетін «Достастық кубогы» халықаралық турниріне қатысады. Бұл сында олардың топтық кезеңдегі қарсыластары Беларусь, Өзбекстан, Латвия құрамалары болмақ. Жалпы бұл додаға олардан бөлек Эстония, Тәжікстан, Украина, Литва, Түрікменстан, Ресей, Молдова, Қырғызстан құрамалары қатысады. Жарыстың ширек финалдық сайысы 29-қаңтарда басталып, Кубок иегері 2-ақпанда белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар