+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Достастық елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын жандандыру қажет – Президент

2021 жылғы 15 қазан 15:43
Бөлісіңіз:
Достастық елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын жандандыру қажет – Президент

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің сауда-экономикалық байланыстарын жандандыру қажет. Бұл туралы ТМД ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президентімен келіссөз жүргізді ҚР Президенті Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директорымен кездесті Тоқаев ҚР әскерилерінің БҰҰ бітімгерлік миссияларына қатысу географиясын кеңейту жоспары туралы айтты

«Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандырып, ұлғайту бірінші кезекті міндет. Бірқатар беделді халықаралық ұйымның мәліметі бойынша ТМД мемлекеттерінің өңіршілік тауар айналымы 91 млрд долларды немесе әлемдік сауда деңгейінің 0,5 пайызын ғана құрайды. Бұл ретте Достастық елдерінің өзара сауда үлесі біздің мемлекеттеріміздің сыртқы әлеммен жалпы тауар айналымының шамамен 20 пайызын алып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің атап өтуінше, бұл көрсеткіштер Достастық елдері сауда-экономикалық байланысты айтарлықтай арттыруы үшін мол әлеуеттің бар екенін көрсетеді.

«Сондықтан экономикалық өзара іс-қимылдың қазіргі әдістерін ой елегінен өткізіп, жетілдіру үшін бірлескен үлкен жұмыс атқару қажет»,- деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT