Достарымен шомылуға барған: ШҚО-да жасөспірім бала суға кетті

None
None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қайғылы оқиға 30 маусымда сағат 16:00 шамасында болған. 2007 жылғы бала Ертіс өзеніне батып кетті.

«Белгілі болғандай, жасөспірім достарымен бірге тыйым салынған жерде шомылып жүрген. Тереңге сүңгіп кеткен ол қайта жүзіп шыға алмады. Сол маңдағы куәгерлер бірден оған көмекке ұмтылды. Бірақ жасөспірімді жағаға алып шыққанда ол ес-түссіз жатқан», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлері жасөспірімді аман алып қалуға тырысты. Бірақ одан еш нәтиже болмаған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында 27 жастағы әйел 8 жасар баласымен бірге суға батып кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар