«Доссор-Құлсары» трассасында көлікке тиелген 12,2 тонна мақта жанып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жүк көлігінің тіркемесіне артылған 12,2 тонна мақта жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт кеше, 28 қазанда сағат 16:15-те болған.

«Мақат аудандық №8 өрт сөндіру бөліміне «Доссор-Құлсары» тасжолының бойында жүк көлігінің өртенгені туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер аудан орталығы – Мақат кентінен 55 шақырым қашықтықтағы оқиға орнына сағат 17:30-де жетті. Тәжікстан Республикасынан Түркия Республикасына бағыт алған «Scania-R420» маркалы жүк көлігінің тіркемесіндегі салмағы 12,2 тонна мақта орамдары толықтай жанып кеткені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Өрт сағат 19:42-де оқшауланып, сағат 19:50-де толықтай сөндірілген. Оқиға орнында зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жүк көлігінің жанармай багы жанып кеткенін хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар