«Доссор-Ақтау порты» жолының 50 шақырымы жаңа технология бойынша жөнделді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Доссор-Ақтау порты» жолының 50 шақырым учаскесіндегі жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Жолшылар Атырау облысындағы А-33 «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сай-Өтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау қаласы порты» автожолының 50 шақырым учаскесінде орташа жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтады. 69-119 шақырым аралығындағы учаскеде жұмыстар 2020 жылы аяқталады деп жоспарланған болатын», делінген хабарламада.

Аталмыш учаскедегі орташа жөндеу жұмыстары «ЧипСил» технологиясының көмегімен жүзеге асты. Бұл қарапайым технология. Тұтқыр қоспа мен инертті материалды орнатып, нығыздау жұмыстарын жүргізгеннен кейін жол жабынында ерекше төзімді қабат пайда болады. Оның антибликті және жабысу қасиеттері де жоғары.

«ЧипСил» кішігірім жарықтарды жамап, асфальтбетонның жоғарғы қабатын судың әсерінен қорғайды. Заманауи технологиялар арқылы жасалған жолдарға кететін шығын 50% төмендеп, жолдың қабаты төзімді, қауіпсіз және ұзақ мерзім пайдалануға жарамды болады», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар