Досмұхамбетов Атырау облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға уәде берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта Атырау облысында азық-түлік бағасы тұрақтанады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бағана реттеу мәселесін жіті қадағалап отырмыз. Оған 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Сауда желілерімен 500 млн теңгеге келісімшарт жасалды. Яғни, олар нарықтан 10-15 пайыз арзан сатады. 36 сауда нүктесінде сүт, нан өнімдері, ет, нан, күнбағыс майы арзан бағамен саудалануда. Ал көкөніске кере болсақ, күзде тұрақтадыру қорынқұрған еді. Айталық, онда 260 тонна картоп болды. Сәуірге дейін тұрақтандыру қоры арқылы бағаны реттеуге ықпал еттік», - деді Махамбет Досмұхамбетов.

Оның атап өтуінше, қазір маусымаралық кезең болғандықтан сәбіз бен картоп бағасы көтеріліп отыр.

«Бүгінде оңтүстік өңірден және Ресейдің көршілес облыстарынан картоп жеткізу іс-шаралары қабылданды және баға төмендеді. Егер бір апта бұрын картоп бағасы 400 теңге болса, қазір ол 310теңгеден саудалануда. Сәбіз бағасы да төмендейді деп күтіп отырмыз. Өйткені, жаңа шыққан өнім жеткізіледі», - деді ол.

Сонымен қатар облыс басшысы таяу уақытта азық-түлік бағасын тұрақтандыруға уәде берді.

«Мұнан әрі әр апта сайын бағаның төмендейтіндігін күтеміз. Себебі өзге өңірлерден және Ресейдің көршілес облстарынан картоп жеткізіледі және өзіміздің де өнім шығады», - деді облыс әкімі.


Соңғы жаңалықтар