Досмұхамбетов: Алғыс айту күні – еліміздегі тыныштық пен үндестіктің жарқын көрінісі

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Бүгін Атырауда Алғыс айту күніне орай салтанатты шара өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында салтанатты шараға жұртшылық көп жиналды. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының әртістері «Бәрі риясыз махаббаттан басталады...» атты прологты «Бастысы – алғыс айта білу...» деген әдеби композицияға ұластырды. Ал, этномәдени бірлестіктер өкілдері «Жайнай берсін, мың алғыспен жарық күн!» деп аталған көріністе қазақ халқына алғысын білдірді. «Вайнах» этномәдени бірлестігінің әншілері «Қазақ жері осындай» әнін орындады.

«Алғыс айту күні – еліміздегі тыныштық пен үндестіктің жарқын көрінісі. Бірлік пен достықтың және өзара сенімнің ерекше үлгісі. Бұл – тағдыр тоғыстырған Қазақстан халқының тағылымды тарихына тағзым ететін күн. Биыл еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толғанын айрықша атап өту керек. Себебі, Ассамблея елдегі тұтастықты арттыруда ерекше маңызға ие. «Бір адам жаққан отқа мың адам жылынады» демекші, Қазақ халқы тағдыр тауқыметімен Отанымызға келген өзге этностың өкілдерін бауырына баса білді. Бір үзім нанды бөліп жеді. Мұндай бауырмалдық еліміздің түрлі ұлт өкілдерінің арасында адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды» - деді салтанатты шарада Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Айта кеткен жөн,Атырауда Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 25 жыл толуына орай арнайы іс-шаралар кешені ұйымдастырылады. Бұл шара жақында Жылыой ауданынан басталғалы отыр.


Соңғы жаңалықтар