Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Танымал актер және режиссер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов «Отан» орденімен марапатталды. ҚазАқпарат Президент жарлығының толық мәтінін жариялайды.

Қаулы етемiн:

1. Ұлттық мәдениетті, кинематографияны және театр өнерін дамытуға қосқан айрықша еңбегі үшін Досхан Қалиұлы Жолжақсынов «Отан» орденімен наградталсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Досхан Жолжақсынов бүгін 70 жасқа толды.

Актер театр сахнасында және кинода 200-ден астам рөлді сомдаған. Сонымен қатар халық әндері мен қазіргі қазақ композиторлары әндерін шебер орындаушы ретінде кеңінен танымал.

Жолжақсынов ұлттық кино өнерінің дамуына өз үлесін қосып, «Гауһартас», «Даладағы қуғын», «Алтын күз», «Омпа», «Ақ барыстың ұрпақтары», «Көшпенділер», «Біржан сал» және басқа фильмдерге түскен.


Соңғы жаңалықтар