+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

Досхан Жолжақсынов Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының Құрметті президенті атанды

2019 жылғы 19 желтоқсан 11:58
Бөлісіңіз:
Досхан Жолжақсынов Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының Құрметті президенті атанды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Актер әрі режиссер, Қазақстанның халық әртісі Досхан Жолжақсынов Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының «Құрметті президенті» болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақ күресі елордадағы бес мектептің бағдарламасына енгізіледі Елордада Қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өтіп жатыр Алик Шпекбаев Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының президенті болып сайланды

Алыс-жақын шет елдердің өкілдерінің қатысуымен елордада Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының халықаралық конгресі өтіп жатыр. Жиын барысында федерация президенті Алик Шпекбаев әлемнің 27 елінен келген федерация мүшелеріне ұсыныс білдірді. Ол бойынша федерацияның «Құрметті президенті» ретінде Досхан Жолжақсыновты, бірінші вице-президенті ретінде Бәделхан Камалханұлын сайлау ұсынылды. Көпшілік бір ауыздан қолдады.

Жиынның күн тәртібінде федерация алқа мүшелерінің сайлануымен қатар, басқа да мәселелер қарастырылмақ.

Айта кетерлігі, 2019 жылдың 20-21 желтоқсан аралығында Нұр-Сұлтанда қазақ күресінен VIII Әлем біріншілігі өткізіледі. Оған 40-қа тарта мемлекеттен 300-ге жуық спортшы (ерлер мен әйелдер) қатысады. «Дәулет» спорт кешенінде өтетін байрақты бәсеке барысында ерлер (6 салмақ) мен әйелдер (6 салмақ) арасында 12 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынбақ. Әлем біріншілігінің салтанатты ашылуы жоғарыда аталған спорт кешенде 20-шы желтоқсан күні сағат 16.00-ге жоспарланған. Аталған Әлем чемпионаты Біріккен Күрес Әлемінің (United World Wrestling) 2019 жылға арналған ресми күнтізбесіне енген және жарыстар толықтай UWW ресми өкілдері мен халықаралық дәрежедегі төрешілерінің қатысуымен өткізілмек. Ел жанкүйерлері «Qazsport» телеарнасы арқылы додалы жарыстың белдесулерін тамашалай алады.

Жарысты ұйымдастырушылар – Біріккен Күрес Әлемі, Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясы. Әлем чемпионаты «Eurasian Resources Group» (ERG) қолдауымен өткізілмек.

фото: voxpopuli.kz/history
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT