Досбол Құлекеев Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болды

None
Фото: пресс-служба акимата Карагандинской области
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі болып Досбол Құлекеев тағайындалды. Бұған дейін осы лауазымды атқарған Саят Шаймин өз еркімен қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Досбол Батырбекұлы Құлекеев 1981 жылы туған, жоғары білімі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ инвестициялық жобаларды кредиттеу басқармасының менеджері болып бастаған.

2007-2015 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ-да, Астана қаласында түрлі лауазымдарда болды.

2015-2022 жылдары «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстары бойынша, сондай-ақ «Petro Retail» ЖШС Астана қаласы және Павлодар облысы бойынша орталық филиалында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар