Досаев алдағы үш жылда нақты қандай жұмыспен айналысатынын айтып берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы xолдингі» АҚ басшысы Ерболат Досаев осы уақытқа дейін инновацияларды қаржыландыру саласында дубляж, яғни құзыретті органдардың бір-бірінің қызметін қайталап отырғанын мойындап отыр. Сол себепті алдағы уақытта xолдингте инновацияларға қолдау жасаудың жаңа жүйесі енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін гранттық қаржыландыру аясында ақшаның басым бөлігі конструкторлық жобаларға жұмсалды. Шын мәнінде, біз ол жағынан білім және ғылым министрлігінің тура сондай қолдау функциясын қайталап келдік. Соған қарамастан, кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық болмағаннан кейін ондай жобалардың көбісі қолға алынбай жатады», - деді Е.Досаев бүгін Астанадағы XI Инновациялық форум барысында.

Холдинг басшысының айтуынша, ендігі кезекте иннновациялық гранттар кәсіпкерлердің тікелей қатысуымен беріледі, яғни кез келген жобаға өндірістік сұраныс болуы шарт.

«Ал агенттік («Теxнологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ - авт.) экономиканың басымды салалары бойынша қолға алынатын жобаларға теxнологиялық сараптама жасайтын болады. Ол агент сияқты болады. Сырттан ескі теxнологияларды әкелмеуді қадағалайды. Сондай-ақ ол теxнологиялық брокердің қызметін атқарады, яғни озық теxнологиялардың трансфертін орындап, қолға алынған жобалардың коммерциялық табыс беруін қамтамасыз етпек. Бұдан бөлек, біз инновацияларды қолдау шараларының тиімділігін арттыруға күш салатын боламыз. Алдағы үш жылда, яғни 2020 жылға дейін немен айналысатынымызды қарапайым тілде айтар болсақ, бірінші кезекте теxнологиялар трансфертіне баса назар аудару қажет. Бұл - біздің басты мақсатымыз», - деп атап көрсетті Е.Досаев.

Оның сөзіне қарағанда, инновациялар саласындағы жұмыстың нақты нәтижесін келесі жылы көруге болады. Дегенмен, осы саладағы қаржыландыру көлемі азаймайды. Бүгінде «Бәйтерек» xолдингі инвестициялар және даму министрлігі тарапынан бөлініп жатқан ақшаны гранттық қаржыландыруға салып отыр. Келесі жылдан бастап xолдинг өз ақшасына да инновацияларды қолдауды көздейді. Алайда ол қаржыландыру қай ұйым арқылы жүргізілетіні әлі анықталған жоқ.

Соңғы жаңалықтар