«Дос-Мұқасан» ансамбліне таяуда ғана орнатылған ескерткіш қиратыла бастады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда «Дос-Мұқасан» ансамбліне таяуда ғана орнатылған ескерткіш қиратыла бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.




«Дос-Мұқасан» белгілі вокалды-аспапты ансамбліне мүсіндік композиция бір апта бұрын қала күніне орай жаңа ретро-саябақта ашылған болатын. Бірақ бірнеше күннен кейін-ақ вандалдар барабан таяқшаларын сындырып, өзге музыкалық аспаптарға зақым келтірген. Саябақ қызметкерлері композицияны барынша қорғауға тырысуда, олар ескерткіштің айналасына темір турникеттер орнатып, ленталар тартып қойған.



Бұған дейін хабарлағанымыздай , жаңа ретро-саябақта ескерткіштің ашылуына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, «Дос-Мұқасан» ансаблінің мүшелері мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Қолдарына аспаптар ұстаған алты музыканттың қоладан жасалған мүсіндік композициясының авторы Бақытбек Мұхамеджанов.


Соңғы жаңалықтар