«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Досым Сүлеев жаңа қызметке тағайындалды
2018 жылғы 13 ақпан 11:35

«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Досым Сүлеев жаңа қызметке тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Досым Сүлеев Алматы сейсмология институтының директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сейсмология институты» ЖШС-ның директоры болып Досым Сулеев тағайындалды. Ол қызметіне 24 ақпаннан бастап кіріседі. Оған дейін директордың міндетін басшының орынбасары Нұрсәрсен Өзбеков атқарады», - деп хабарлады аталған институттан.

71 жастағы Досым Сүлеев ҚР ҰҒА президиум мүшесі. Ол 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Сондай-ақ, Досым Сүлеев «Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі ретінде танылған.

Айта кетейік, Сейсмология институтына 12 ақпанға дейін Әнуар Боранбаев басшылық етті.

Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT