Дортикоспен кездесу кейінге қалды, өкінішті әрине -Шүменов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA дәрежесі бойынша қазақстандық әлем чемпионы Бейбіт Шүменовтың WBA дәрежесі бойынша уақытша әлем чемпионы Юниер Дортикосқа қарсы 29 сәуірге жоспарланған кездесуі қазақстандық спортшының жарақат алуына байланысты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Спарринг кезінде бір жайсыз жағдай болды. Мен көзімнен терең жарақат алып қалдым. Жедел операция жасалды. Жарақат өте ауыр болды. Қайта қалыпқа келу үшін біршама уақыт қажет»,-деп жазды боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

«Достар, сіздер сияқты мен де жеңіске жету үшін өзім жоспарлаған кездесуді асыға күтіп жүрмін. Осы кездесуге дайындық ретінде 390 раунд спарринг өткіздім. Мен 29 сәуір күні рингке шығып, қарсыласымды нокаутқа түсіруге дайын едім. Менің жаттығуларым да барынша күшейтілген әрі қатал болды. Кездесуді кейінгі қалдыру сіздер сияқты мен үшін де өкінішті болып отыр. Мен үшін алаңдап, жанкүйер болып отырған барлық азаматтарға ағлыс айтамын»,-деді Шүменов.


My dear friends, I received a scratch in my eye during a sparring session. The scratch was deep in my retina and I had an emergency surgery. The injury was severe and it takes some time for recovery. My dear friends, just like you, I was looking forward to defeat my opponent. During the preparations, I had 390 rounds of sparring and I was ready on April 29th to knock my opponent out. I had a tremendous training camp but it's very unfortunate that the fight has to be delayed till June now. Thank you very much for your understanding and supporting me. Құрметті жанкүйерлер! Сіздер сияқты, мен де 29 сәуірдегі жекпе-жегімді қатты күттім. Барымды салып дайындалдым. 390 раундтық спаррингтен өттім. Қарсыласымды нокаутпен ұтуға дайын болдым. Кезекті жаттығуымда ойламаған жерден көзіме жарақат алып қалдым. Жаттығудағы қарсыласымның қолы көзімнің қарашығын сырып кетті. Дәрігерлер шұғыл операция жасамасақ, көру қабілетіңнен айырыласың деді. Операция жасаттым. Сәтті өтті. Енді 30 күн бойы ем қабылдауым керек. Осылайша жекпе-жегім кейінге қалып отыр. Амандығымды тілеп, уайымдап отырған жанкүйерлеріме алғысым шексіз. Біз бірге жеңіске жетеміз! Дорогие друзья! Во время моего спарринга произошел несчастный случай. Получил глубокую царапину на сетчатке глаза. Была экстренная операция. Травма оказалась серьезной. Нужно определенное время на восстановление. Друзья, так же как и вы, вместе с вами, я с нетерпением жду своего боя, чтобы одолеть соперника. При подготовке к этому бою я провел 390 раундов спарринга; был готов выйти на ринг 29 апреля и нокаутировать своего соперника. Мои тренировки были усиленными и напряженными. Мне так же, как и вам, очень жаль, что бой на время откладывается. Всем огромное спасибо, кто поддерживает и болеет за меня. #beibutshumenov

Публикация от Beibut Shumenov (@beibutshumenov) Апр 20 2017 в 7:33 PDT

Соңғы жаңалықтар