Допты хоккейден Қазақстан құрамасына «Ақжайықтан» үш бірдей ойыншы шақырылып отыр

None
None
ОРАЛ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Допты хоккейден Қазақстан құрамасына Оралдың «Ақжайығынан» үш бірдей ойыншы шақырылып отыр.

Қазақстан құрамасының команда бастығы, белгілі хоккейші, халықаралық дәрежедегі және еліміздің еңбек сіңірген спорт шебері Марат Маңғубаевтың ҚазАқпарат тілшісіне мәлім еткеніндей, алдағы жылғы қаңтардың 24-31-і аралығында Мәскеуде допты хоккейден кезекті әлем чемпионаты өтеді. Оған Александр Ионкин баптайтын Қазақстан құрамасы да қатысады. «Ақжайықтан» команда капитаны Владислав Новожилов, қақпашы Ілияс Хайрекешев және жас шабуылшы Ескендір Нұғыманов шақырылып отыр. Оралдық хоккейдің түлегі Рауан Исалиев Архангельскіде, Денис Максименко Нижний Новгородта шеберліктерін шыңдауда. Ресейдің Кемерово, Иркутск, Хабаровск, Киров сынды қалаларында да жоғары топта Қазақстан құрамасының ойыншылары өнер көрсетіп жүр.

Сонымен қатар 2011 жылғы қысқы Азия ойындары да қыр астында тұр. Онда допты хоккейден ел намысын негізінен «Ақжайық» командасының ойыншылары қорғайды.

Соңғы жаңалықтар