Допты хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан төртінші орын алды

None
Фото: prosports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төртінші орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңінде төртінші орынға тұрақтаған қазақстандық құрама Норвегиямен қола жүлде үшін таласуға мүмкіндік алды.

Ойын барысында норвегиялық хоккейшілер жинақы қимылай білді. Нәтижесінде, олар қазақстандық әріптестерінен 5:1 есебімен басым түсіп, қола медальға қол созды.

Еске салсақ, ел құрамасы топтық кезеңде Финляндияға 1:8, Норвегияға 1:6, Швецияға 0:12 есебімен жол берсе, АҚШ құрамасын 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді финалда Швеция мен Финляндия шеберлік байқасады.

Биылғы әлем чемпионатында ел құрамасы сапында қақпашылар – Бержан Ахметжанов пен Вячеслав Горчаков ойын көрсетті. Сондай-ақ, ойын шебінде Рауан Исалиев (капитан), Еламан Әліпқалиев, Ершат Амангелдиев, Нұрбол Бөкешов, Ескендір Нұғманов, Петр Грибанов, Денис Максименко, Болат Мұхит, Дәурен Оралов, Антон Свешников, Никита Яров, Самат Аманшин, Қуаныш Теміралин, Сұлтан Қадыржанов, Евгений Медведев, Максим Утибалиев мұз айдынға шықты.

Қазақстандық хоккейшілер биыл 21-рет әлем чемпионатына қатысты. Айта кетсек, 2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдары үшінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар