Допты хоккейден әлем чемпионаты: Қазақстан қола жүлдеге таласады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Допты хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық кезеңі аяқталды. Қазақстандық хоккейшілер аталған кезеңде төртінші орынға тұрақтады.

Ел құрамасы топтық кезеңде Финляндияға 1:8, Швецияға 0:12 есебімен жол берсе, АҚШ құрамасын 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Енді бірінші және екінші орын алған құрамалар чемпиондыққа таласса, үшінші және төртінші орындағылар қола жүлдені сарапқа салады.

Қазақстан құрамасы 2 сәуірде Норвегиямен күш сынасады.

Ал финалда Швеция мен Финляндия шеберлік байқасады.

Әлем чемпионатында ел құрамасы 2003, 2005, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдарда үшінші орын алды.


Соңғы жаңалықтар