Допты хоккейден «Ақжайық» кезекті жеңісіне қол жеткізді

None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында Ресей чемпионатында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» «Никельщикті» (Верхний Уфалей) қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» стадионындағы матч өте тартысты өтті. Бірінші таймда есеп тең болды – 3:3. Екінші кезеңде оралдық Николай Шавалдиннің шәкірттері жеңісті жұлып алды. Қорытынды есеп – 5:4.

«Ақжайықтың» сұрмергені, ресейлік Максим Пахомов хет-триктің авторы атанды. Тағы бір ресейлік Александр Слугин және Орал допты хоккейінің түлегі Болат Мұхит бір-бірден гол соқты. Қонақтардан Андрей Зеленин, Дмитрий Вахрушев, Егор Михеев, Климент Ныгматуллин көзге түсті.


Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Осылайша, 18 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында көш басына жақындай түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қарсыласын ірі есеппен ұтқанын жазған болатынбыз.


Фото: «Ақжайық» СК


Соңғы жаңалықтар