Допты хоккейден ӘЧ: Қазақстан Американы ойсырата жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Допты хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы Швецияның Оби қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екінші матчын ойнады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 7:2 есебімен жеңіске жетті.

А дивизионында Қазақстанмен бірге АҚШ-тан бөлек, Финляндия, Норвегия және Швеция ойнайды.

31 наурызда Қазақстан хоккейшілері Норвегиямен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, А дивизионындағы алғашқы екі команда турнир финалында өнер көрсетеді. Ал үшінші және төртінші орындар алған құрамалар «қола» үшін таласады.


Соңғы жаңалықтар