+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Допты хоккейден ӘЧ-да финдерді жеңген қазақстандықтар ширек финалда норвегтермен кездеседі

2016 жылғы 4 ақпан 01:50
Бөлісіңіз:
Допты хоккейден ӘЧ-да финдерді жеңген қазақстандықтар ширек финалда норвегтермен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Ульяновск қаласында допты хоккейден өтіп жатқан кезекті, 36-ыншы әлем чемпионатында кеше Қазақстан құрамасы финдерді 5:4 есебімен ұтты.

Бұл жолы қазақстандықтар қақпасын Орал допты хоккейінің түлегі, қазір Саратовтың «Универсалында» өнер көрсететін Ілияс Хайрекешев қорғады. Ал алғашқы голды 19-минутта тағы бір батысқазақстандық, Қазақстан құрамасының капитаны, Ресей чемпионатының суперлигасында («Сибсельмаш», Новосібір) ойнап жүрген Рауан Исалиев салды. Ойын барысында Қазақстан құрамасынан Анатолий Голубков хет-триктің авторы атанса, соның екеуін 12 метрлік пенальтиден енгізді. Тағы бір гол Дмитрий Завидовскийдің еншісінде.

Сөйтіп осының алдында Ресей мен Швеция құрамаларынан ірі есеппен ұтылып қалған Алексей Никишовтың шәкірттері біріншіліктегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Осылайша мықтылардың «А» тобында үшінші орынды иеленіп, плей-офф бәсекесіне шыққан қазақстандықтар бүгін, 4 ақпан күні ширек финалда Норвегия құрамасын тізе бүктірсе, онда жүлделі орындар үшін таласады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстан құрамасы алты рет әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, соның бәрінде де үшінші орын үшін бәсекеде финдерді жеңген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT