Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» тағы бір кездесуінде есе жіберді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың кезекті матчын Оралдың «Ақжайығы» Свердлов облысында «СКСО СКА-Свердловск» командасымен өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Первоуральскіде өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды.

Бірінші таймда есеп ашылмаса, ойынның екінші кезеңінде айдын иелері үш гол соқты. Егор Ахманаев қос доптың авторы атанса, тағы бір голды Денис Багаев енгізді.

Сенбі күні командалар екінші кездесуін өткізеді.

Осылайша Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар сырт айдында өткізген бес матчтың бәрінде де жеңіліс тапты.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» Верхний Уфалейде «Никельщиктен» екі мәрте ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар