Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында жеңіске жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкіл ресейлік жарыстың екінші тобында ойнайтын «Ақжайық» бүгін «Динамо-Қазан-2» (Қазан) командасын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жергілікті маман Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдық хоккейшілердің «Жастар» стадионындағы жаңа маусымдағы алғашқы матчы еді.

Бірінші таймда айдын иелері 1:0 есебімен басымдылық танытса, екінші кезеңде қарқынын үдете түсті. Қорытынды есеп - 5:1.

Осылайша «Ақжайық» 2018-2019 жылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазіргі кезде 3 ұпаймен оралдықтар екінші топта алтыншы орында келеді.

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Петропавлда өткен ҚР кубогы жарысында «Ақжайық» хоккейшілерінің жеңімпаз атанғанын жазған болатынбыз.

 

 

Соңғы жаңалықтар