Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Маякқа» тағы да есе жіберді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» Краснотурьинскіде «Маякпен» екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, бұлжолы матч біршама тартысты өрбіді.

Бірінші таймда 25-минутта Андрей Фёлькердің 12 метрлік айып добын «Ақжайықтың» қақпашысы Вячеслав Горчаков қайтара білді. Алайда алты минуттан соң А.Фёлькер бұрыштамадан берілген доптан кейін есеп ашты.

Екінші таймда Евгений Игошин 12 метрлік нүктеден мүлт кеткенімен, Александр Колягин және Е.Игошиннің өзі қатесін түзеп, есепті 3:0-ге жеткізді. Тек 81-минутта ғана «Ақжайықтан» Еламан Әліпқалиев есепті қысқарта алды.

Осылайша «Маяк» екінші кездесуінде 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар екінші топтағы келесі ойындарын 3-4 желтоқсан күндері Верхний Уфалейде жергілікті «Никельщикпен» өткізеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» жаңа маусымдағы беташар матчында «Маяктан» ірі есеппен ұтылып қалғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар