Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» қарсыласын тағы да ірі есеппен жеңді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыстың кезекті ойынында «Ақжайық» «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командасын тағы да ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жастар» стадионындағы кездесу айдын иелерінің айқын басымдылығымен өтті.

Ойын басталғаннан кейін көп өтпей-ақ, 5-минутта команда капитаны Максим Өтебалиевтен пас алған жас шабуылшы Азат Бектұрған есеп ашса, содан кейін Болат Мұхит пен ресейлік легионер Сергей Пантеев 12 метрлік пенальтиді мүлтіксіз орындады.

«Ақжайық» екінші таймда да қарқынын бәсеңдетпестен, есепті 6:1-ге жеткізді. Қонақтардан Александр Казаев пенальтиден көзге түскенімен, содан соң «Ақжайықтан» Петр Грибанов қос доптың авторы атанды. Тағы бір гол Андрей Гущиннің еншісінде.

Осылайша Иван Шавалдиннің шәкірттері төрт рет қатарынан жеңіске қол жеткізді. 10 ойыннан кейін 12 ұпай жинаған оралдықтар екінші топта бесінші орынға көтерілді.

«Ақжайық» келесі кездесулерін 10-11 қаңтар күндері Орынборда 7 ұпаймен көш соңында келе жатқан жергілікті «Локомотивпен» өткізеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» көш бастаушы команданы 4:0 есебімен ұтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар