Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» «Динамо-Қазан-2» командасын тізе бүктірді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 31 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Қазанның «Динамо-Қазан-2» командасын қабылдады.

Кездесу біршама тартысты өтті. 24-минутта есепті қонақтардың капитаны Роман Фролов ашса, арада екі минут өткенде Сергей Башаев таразы басын теңестірді. 28-минутта Павел Чебаков «Ақжайықты» алға шығарса, содан кейін С.Башаев екінші таймда тағы екі доп соқты. Сұлтан Қадыржанов есепті 5:1-ге жеткізгенімен, қазандықтардан Игорь Батманов оған бір ғана голмен жауап берді. Сөйтіп «Ақжайық» 5:2 есебімен жеңіске жетті. Ертең командалар қарымта кездесуін өткізеді. Оралдықтар екінші топта 41 ұпаймен үшінші орында келеді.

Соңғы жаңалықтар