+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Допты хоккей: Қазақстан құрамасы универсиадада алғашқы матчын ресейліктермен өткізеді

2019 жылғы 28 ақпан 10:38
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: Қазақстан құрамасы универсиадада алғашқы матчын ресейліктермен өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Красноярск қаласында ХХІХ дүниежүзілік қысқы универсиадада допты хоккейден Қазақстан құрамасы бастапқы кездесуін ресейліктермен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресей допты хоккей федерациясының сайтынан алынған мәліметке қарағанда, универсиада бағдарламасына бірінші рет енгізіліп отырған бенди жарысына барлығы бес команда қатысады.

Атап айтқанда, Швеция, Норвегия, Ресей, Финляндия және Қазақстан құрамалары жүлделерді сарапқа салады. Бұрын тізімге енген Беларусь командасы келмейтін болды.

Қазақстандықтар көктемнің алғашқы күні Ильяс Хандаев жаттықтыратын Ресей құрамасымен шеберлік байқасады. Содан кейін 3 наурызда финдермен, 4-інде шведтермен, 5-інде норвегтермен кездеседі. 9 наурызда жартылай финалдық матчтар өтіп, 10-ында жеңімпаздар анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы сапында оралдық маман Николай Шавалдин жаттықтыратын «Ақжайықтан» сегіз бірдей хоккейші ойнайтынын, қазақстандықтардың универсиадаға аттанғанын жазған болатынбыз.

Бендиден ел құрамасы сапында Бержан Ахметжанов, Ардақ Орынбасар, Максим Өтебалиев, Сұлтан Қадыржанов, Қуаныш Темірәлин, Болат Мұхит, Илья Глухов, Андрей Малышев, Ершат Амангелдиев, Андрей Гущин, Дәурен Оралов, Азат Бектұрған, Нұрбол Бөкешов, Антон Свешников, Әмір Қадыржанов және Антон Михалкин бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT