Допты хоккей: «Ақжайық» жаңа маусымға дайындалып жатыр

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден Оралдың «Ақжайығы» жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарысқа дайындалу үстінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жаңа маусымда оралдықтар үшінші топта өнер көрсететін болады.

Бұл топта «Ақжайықтан» басқа «Маяк» (Краснотурьинск), «СКА-Свердловск» (Екатеринбург), «Никельщик» (Верхний Уфалей), «Знамя-Удмуртия» (Воткинск), «Локомотив» (Орынбор), «Кировец» (Уфа) командалары бар.

Пандемияға байланысты өткен маусымға қатыса алмаған оралдықтар биылғы алғашқы ойындарын 2-3 желтоқсанда Краснотурьинскіде жергілікті «Маякпен» өткізеді.

«Ақжайық» спорт клубының директоры міндетін атқарушы Дамир Қалақовтың айтуынша, команданы бұрынғыша оралдық маман Николай Шавалдин жаттықтырады.

«Ақжайық» намысын негізінен жергілікті ойыншылар қорғайды. Сондай-ақ ресейліктер Максим Пахомов, Сергей Башаев және Александр Слугин қосылды. Жаңа маусымда команда алдына финалдық сайыстарға жолдама алу міндеті қойылып отыр», деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Қалақов.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын індетке байланысты «Ақжайықтың» Ресей чемпионатына қатыспайтынын жазған болатынбыз.





Соңғы жаңалықтар