ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» «Универсалмен» тең ойнады

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 7 қаңтар күні допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында ойнайтын Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Саратовтың «Универсалымен» екінші кездесуін өткізді.

Бірінші матчқа қарағанда, бұл ойын аса тартысты өтті. Кездесу тағдырын екі-ақ минут шешті. 52-минутта қонақтардан Сергей Гаврилов есеп ашса, 53-минутта «Ақжайықтың» капитаны Ескендір Нұғманов таразы басын теңестірді.

Өз тобында 26 ұпаймен екінші орында келе жатқан «Ақжайық» келесі ойындарын Қазанда 10-11 қаңтарда жергілікті «Динамо-Қазан-2» командасымен өткізеді. Бұл клуб небәрі 9 ұпаймен соңғы, сегізінші орында тұр.

Соңғы жаңалықтар