ДОПТЫ ХОККЕЙ: «Ақжайық» «Универсалды» ойсырата ұтып, екінші орынға көтерілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін допты хоккейден Ресей чемпионаты жоғары лигасында өнер көрсететін Оралдың «Ақжайығы» өз айдынында Саратовтың «Универсалын» қабылдап, 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл ойында оралдықтардан Еламан Әліпқалиев хет-триктің авторы атанса, команда капитаны Ескендір Нұғманов қарсыластар қақпасына қос голды енгізді.

Ертең аталған командалар екінші матчын өткізеді.

Осы кездесуден кейін 25 ұпай жинаған «Ақжайық» өз тобында екінші орынға көтерілді. Айта кетейік, екінші топта 28 ұпаймен «Никельщик» (Верхний Уфалей) клубы көш бастап келеді.

Соңғы жаңалықтар