Допты хоккей: «Ақжайық» сырт айдында негізгі қарсыластарының бірінен ұтылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста «Ақжайық» Воткинскіде «Знамя-Удмуртия» командасымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Знамя-Удмуртия» екінші топта көш бастап келе жатқан клубтардың бірі еді.

Оралдықтар үшінші сатыда болатын.

Бұл маңызды кездесуде айдын иелері 6:3 есебімен жеңіске жетті.

«Ақжайық» командасынан ресейлік легионер Сергей Башаев қос голдың авторы атанды. Тағы бір голды ресейлік Артем Лапшин соқты.

Сенбі күні командалар екінші матчын өткізеді.

«Ақжайық» екінші топта 28 ұпаймен бұрынғыша үшінші орында келеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қарсыласын ірі есеппен ұтқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар