+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын екінші рет ұтты

2020 жылғы 13 ақпан 19:55
Бөлісіңіз:
Допты хоккей: «Ақжайық» «СКА-Свердловск» командасын екінші рет ұтты

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста Оралдың «Ақжайығы» «СКА-Свердловск» командасын екінші рет ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Асқар Мамин елордадағы спорт және мәдениет инфрақұрылымдарын тексерді Елордадағы Жастар сарайы бір жылға күрделі жөндеуге жабылады 16 жастағы қазақстандық ауыр атлет Азияның ең үздік спортшысы атанды

«Жастар» стадионындағы матч бұл жолы тартысты өтті.

Алдыңғы бәсекеге қарағанда, меймандар әлдеқайда жинақы ойнады. Тіпті олар (Никита Нелеп) бірінші болып есеп ашты. Содан кейін «Ақжайықтан» ресейлік легионерлер Максим Пахомов пен Александр Штеле мергендік танытты.

Екінші таймда бұрыштамадан берілген доптан кейін тағы бір ресейлік Артем Лапшин есепті 3:1-ге жеткізсе, Константин Еловиков жауап гол соқты. Дегенмен матч соңына таман М.Пахомов 12 метрлік айып добын дәл орындап, ойын нүктесін қойды – 4:2. Бұл оның биылғы маусымдағы 57-інші голы еді.

«СКА-Свердловск» командасының сапында «Ақжайықтың» бұрынғы капитаны Максим Өтебалиев те айдынға шықты. Ол бұл ойында нәтижелі пас беріп, көзге түсті.

Оралдық маман Николай Шавалдиннің шәкірттері 46 ұпаймен екінші топта үшінші орында тұр. «Ақжайық» финалдық сайыстарға қатысуға мүмкіндік беретін алдыңғы екі орыннан әлі де үмітін үзе қойған жоқ. Ол үшін қалған төрт бәсекеде ұпай жоғалтпауы қажет. Сонымен қатар көш басындағы «Маяк» (Краснотурьинск) пен «Знамя-Удмуртия» (Воткинск) командаларының қалған матчтарында қалай ойнайтынына да байланысты. 16-17 ақпанда оралдықтар дәл осы «Маякты» қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» ойыншысы М.Пахомовтың бір матчта сегіз гол соққанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT